27 сәуір 2021 11:52 admin

«Бір ел – бір кітап-2021»

«Бір ел – бір кітап-2021» Республикалық акциясына орай іс-шара ұйымдастырылды

22.04.2021ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжі  «Бір ел – бір кітап - 2021» Республикалық акциясына  белсене араласып, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұсынылған  жалпыхалықтық «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» тізімімен студенттерді таныстырды:

Поэзия

 1.Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан».

2Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным».

3.Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап».

 4.Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы».

5.Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары».

6.Бақытжан Қанапиянов «Достояние души».

Проза

1.Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі».

2.Тобық Жармағамбетов «Отамалы».

3.Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр».

4.Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет».

5.Дәурен Қуат «Бөрісоқпақ».

6.Тұрысбек Сәукетай «Желқайық».

Драматургия

1.Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр» пьесалар жинағы.

2.Дулат Исабеков «Жеті желкен» пьесалар жинағы.

3.Мәдина Омарова «Көмбе нанның дәмі».

 4.Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағы.

5.Думан Рамазан «Пешене» пьесалар жинағы.

 6.Сая Қасымбек «Жанталас».

Балалар әдебиеті

1.Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар».

2.Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек».

3.Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити».

4.Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн».

5.Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу».

 6.Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас».

Аударма

1.Юсупов Кеңес, Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық».

2.Әдетов Бекболат, Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір».

3.Ахметов Әділ, Агата Кристи «Ғайып болған миллион».

4.Меллат Төлеген, Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн».

5.Мәзен Динара, Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме».

6.Құрметұлы Амангелді, Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы».

Сонымен қатар, Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» кітабының желісімен кітапхана меңгерушісі Г.Ж.Қуанбаева кітап көрмесін жасақтап, басшының тәрбие жұмысының орынбасары Г.Б.Джакаева, жастар іс комитетінің басшысы Д.Т.Узакбаеваның жетекшілігімен  ұлы педагогтың өлеңдерін НОО-20-1 тобының студенттері Г.Кулмуханбет, Ә.Сагындыкова мәнерлеп оқып, А.Төлегенова, Ш.Сарсенбаева тәлімді әңгімелерінен мысал келтірді. А.Кукен ағартушының өмірі мен шығармаларынан  дайындалған презентациямен таныстырды.

Қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуда аталмыш жоба арқылы оқу орны да өз үлестерін қосуда.