27 сәуір 2021 11:48 admin

Кәсіптік бағыт-бағдар беру

Кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмысы басталды

             21.04-23.04.2021ж. Қазіргі таңда қоғам алдында тұрған басты міндет - бәсекеге қабілетті, шығармашылық, үдемелі өзгерістер жағдайына тез бейімделуге дайын, өзін-өзі дамыта алатын, өз бетінше шешім қабылдай білетін қабілетті, кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды дайындау. Осы қоғамдық талапқа сай кәсіби маман дайындауда олардың кәсіби шыңдалуына басымдық жасайтын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының атқаратын рөлі ерекше болып отыр.     Талапкерлердің сапасын жақсартуға көмектесетін жүйелі және кеңейтілген кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізу, болашақ кәсіби қызмет саласындағы өзін-өзі анықтау және мамандық таңдау үрдісінде оқушыларға кәсіби бағдардағы демеушілік көрсету, қоғамның кадрлық сұранысы мен адамның жекелей ерекшеліктеріне сәйкес білім алушыларда өз бетімен кәсіптік анықтауды қалыптастыру – кезек күттірмейтін талаптардың бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер ететіндіктен,  әр талапкер  алдағы өміріндегі  кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алу керек. Осы орайда, әр оқу жылында «Болашақ» колледжі кәсіби бағыт-беру жоспарын жаңартып, жан-жақты бағдарлап, психологиялық тұрғыдан қамтып, әдістемелік көмек беруде  іргелі істер атқарады.

Атап айтсам, әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен жыл сайын жалпы білім беру ұйымдарының 9 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада өткізу колледж үрдісіне айналған. Олимпиада жеңімпаздарына жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар, мектеп оқушыларымен  кездесу сәті.

Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс өте  жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күн өткен сайын артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талаптардың бірі.