27 сәуір 2021 11:42 admin

​​​​​​​«Бір ел – бір кітап-2021»

«Бір ел – бір кітап-2021» Республикалық акциясы аясында студенттер Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағымен таныстырылды

23.04.2021ж.Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде «Бір ел – бір кітап-2021» Республикалық акциясы аясында студенттер Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағымен таныстырылды.  Студенттерге алдымен Иран-Ғайыптың  (Иранбек Әбітайұлы Оразбаев) өмірі, шығармашылы туралы ақпараттар берілді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан сөз қозғалып, оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз,  әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра екені айтылды. Бұл шара ДО-20, СЭЗ-20 тобының студенттері қамтылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұсынылған  жалпыхалықтық «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясына жыл соңына дейін үлес қосып, студенттерге насихаттауды тәрбие бөлімі және кітапхана бөлімі өздерінің парызы санайды.