21 сәуір 2021 11:08 admin

Ж.Жабаевтың 175 жылдығы

Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай  іс-шаралар ұйымдастырылды

12.04 – 16.04. 2021ж. Каспий  өңірі «Болашақ» колледжінде Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ,«Жыр алыбы Жамбыл» тақырыбында ДО-20, НОО-20-1, СЭЗ-20 топтарының студенттері өмірі мен шығармашылығынан  слайд  қорғап,  «Жаратылыс сыры», «Менің пірім Сүйінбай», «Ленинградтық өренім»  тақырыбында өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Іс-шара соңында  қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні оқытушысы, ф.ғ.кандидаты Ж.С.Дюсембаева   кеңес дәуірі кезінде  Ленинградтың музейін аралағанын, Жамбыл Жабаевтың  өлеңінің  сақталғаны туралы естеліктермен бөлісті.  Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Е.Дүйсенова Жамбыл Жабаевтың  өмірі мен шығармашылығынан студенттерге  эссе жазғызды. ВТиПо-20-2 тобының студенттері Жұман Нұрбол, Еділбаев Қожабек, Аллашов Мейірбек, ЭВТ-20 тобының  студенті  Бисенов Абдурашид   Ж.Жабаевтың өмірінен эссе жазды.  Сонымен қатар, шетел тілі пәнінің оқытушысы  А.Н.Сисекенованың жетекшілігімен   «Халық поэзиясының бәйтерегі» тақырыбында НОО-20-3 тобының студенттері Амангелдиева Мөлдір, Нұрбай Айда, Серікова Андыз шығарма жазды.

Сонымен қатар, «Жамбыл – ұлы тұлға» тақырыбында сурет байқауының ережесі жасақталып, арнайы пән оқытушысы  Н.К.Тулешованың жетекшілігімен  сурет байқауына студенттер қатыстырылды. А-19 тобының студенті Сатов Арнат ақынның домбырасының суретін салса, А-17 тобының студенті Ізтұрған Мадина ақынның ескерткішінің суретін салса, А-19 тобының студенттері Орақ Данияр, Айтжанова Нұрай ақынның бейнесін сомдады.

         ДО-20, ДО-18 тобының кураторы Д.Б.Тастемирова, А-20 тобының кураторы О.С.Рахматулла, А.Ұ.Оспанова «Ұлы даланың жаршысы» тақырыбында тәрбие сағаттарын  ұйымдастырды. Сонымен қатар кітапхана меңгерушісі Г.Ж.Қуанбаева  «Жамбылдың өмір жолы» атты тақырыптық сөремен таныстырды. Ақтау қаласы әкімдігінің қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен өткен мәнерлеп оқу сайысында колледждің студенттері Азирбаева Майра, Сатов Асхат, Төлегенова Ақбота алғыс хатпен марапатталды.