19 наурыз 2021 09:48 admin

16 наурыз - Шежіре күніне орай «Менің шежірем - менің құндылығым» тақырыбында тренинг өткізілді

16.03.2021ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  16 наурыз - Шежіре күніне орай «Менің шежірем - менің құндылығым» тақырыбында  колледж психологы О.С.Рахматулла тренинг өткізді.

Тренинг барысында студенттерге «Жеті ата» ұғымның мәні, «Шежіре» сөзінің мағынасы түсіндірілді. Студенттерге «Жеті атасын білмеген жетесіз!»,   «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер, жеті атасын білмеген,  құлағы мен жағын жер», т.б. мақал-мәтелдер талқыланды.  «Жеті атаңды білесің бе?» айдарымен студенттерден жеті атасы туралы сұралды. Тренингтің қорытынды сәтінде «Портрет» жаттығуы орындалды. Әр қатысушыға қос беттен парақтар беріліп, бір жағына өзінің қазіргі бейнесін, ал екінші жағына «Жеті ата»- дегенде ойына қандай бейне келетінін суреттеді.  Соңында  студенттер  өз туындысы туралы айтып өтті.