11 наурыз 2021 13:19 admin

9 наурыз – ұлттық ойындар күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды

         09.03.2021ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  Маңғыстау облысында  Тәуелсіздіктің  30 жылдығы аясында Наурыз мерекесін ұйымдастыру мен өткізудің  тұжырымдамасына  сәйкес  9 наурыз – ұлттық ойындар күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды.  Бұл шараға  ФК-19, ВТиПО-20-2, НОО-20-1, А-20 топтарының студенттері қатысты. ФК-19, ВТиПО-20-2 топтарының студенттерінен екі команда 6 студенттен шығып, «Арқан тартыс», «Қол күрес»,  «Көтермек», НОО-20-1, А-20 тобының студенттері  «Тоғызқұмалақ» атты  ұлттық ойындар  ойналды.                

         Ата – бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Ойынды сабақта қолдану оқушының ой - өрісін жетілдіру мен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы деп білген. Бос уақытта әртүрлі ойындар ойнаған баланың денсаулығы үшін өте пайдалы. Жастардың ұлттық сана - сезімнің дамуында қазақтың ұлттық ойындарының алатын орны айрықша.

Ұлтымыздың асыл қазынасы болған ұлттық ойындарымызды жоғалтып алмай, ұрпақтан - ұрпаққа жетуін насихаттау, халқымыздың, баршамыздың міндетіміз деп түсінеміз.