11 наурыз 2021 13:17 admin

«Өнегелі отбасы» атты  байқау өткізілді

05.03.2021ж. «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде ата-ана, бала және оқу орны  арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында  «Өнегелі отбасы» атты  байқау өткізілді. Байқау бөлімдерінің тапсырмалары  отбасы тәрбиесі бойынша құрастырылды.  Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу бағытында ұйымдастырылған бұл байқауға НОО-20-1 тобынан Қалменова Марха, НОО-20-2  тобынан Қонысбай Жания, НОО-20-3 тобынан Алдабергенова  Дариға, ДО-18 тобынан Қалбай Роза, ДО-20 тобынан Кударова Жазира, П-20-2 тобынан Избасар  Жамиля  аналарымен, әжелерімен  қатысты. Байқаудың бірінші бөлімі бойынша «Отбасының сәні – сыйластық» тақырыбында отбасы мүшелерін  таныстыру мақсатында  бейнебаян дайындалып, колледждің әлеуметтік желісіне жүктелді. Сонымен қатар, екінші бөлімінде «Отбасының өнегесі - Отан өнегесі» тақырыбында өнер көрсету (ән айту, би билеу,тағам дайындау, іс тігумен айналысу, кітап оқу арқылы сұхбаттасу, психологиялық тренинг өткізу, үй жағдайында жаттығулар жасау  т.б.) арқылы қатысушылар аналарымен, әжелерімен бірлесіп бейне баян дайындады. ДО-20 тобының студенті Кударова Жазира әр түрлі қолға тағатын бұйымдар, жеміс-жидектерден гүл шоғын жасаған,НОО-20-2  тобынан студенті  Қонысбай Жания, ДО-18 тобының студенті  Қалбай Роза аналарымен, жеңгелерімен бірге тағамдар дайындап, дастархан мәзірін әзірлеген,  НОО-20-1 тобының студенті  Калменова Марха әжесімен, анасымен іс тіккен, құрақ құрауды үйренген  бейне баянын жолдаған. Бейнебаяндарды саралай отырып «Ең үздік отбасы» номинациясына  Калменова Марханың отбасы ие болып, анасы Калменова Жадыра Адамовна және әжесі Тойгазиева Акторе Алгиевна дипломмен марапатталды.