11 наурыз 2021 13:10 admin

«Болашақ аруы-2021» байқауы ұйымдастырылды

04.03.2021ж.Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде   «Болашақ аруы-2021» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға әр топтан 8 қыз бала қатысты.

Байқау 4 кезеңнен тұрды:

1.«Мен қазақтың қызымын» тақырыбында  өзін-өзі таныстыру;

2.«Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында сән  үлгісін көрсету;

3.«Дәстүріңді дәріпте» тақырыбында салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы туралы  сұрақтарға жауап беру;

4. «Өнерлі өрге жүзер» тақырыбында  өз өнерін көрсету.

Байқауға қатысушылар өздерін өлеңмен таныстырып, сәндік үлгіні де ұлттық киіммен көрсете білді. Ұмытыла бастаған салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы сұрақтарына жауап беріп, бір-бірінің білмей қалған жауаптарын толықтырып отырды. Атап айтсақ, «Аушадияр», «Әмеңгерлік», «Шаш жаю», «Тымаққа салу», «Босаға майлау», «Құрсақ той», «Біз қадау» т.б. дәстүрлердің мағынасын түсінді. Өз өнерін көрсету барысында ДО-20 тобының студенті Кударова Жазира моншақтардан бұйым жасап,  жеміс-жидектерден гүл шоғын әзірледі. НОО-20-1 тобының студенті Сарсенбаева Шынарай мен НОО-20-2 тобының студенті Қонысбай Жания мәнерлеп өлең оқыды. ВТиПО-20-1 тобының студенті Ибраева Жансая ұлттық би билесе, П-20-1 тобының студенті Жолдасбай Жайна өзбек биімен көрермендерін таң қалдырды. А-20 тобының студенті Сарсен Мадина қылқаламмен салыған туындыларын ұсынды. П-20-2 тобының студенті Избасар Жамила 5  минут ішінде қуыршаққа арналған бас киім тоқып берді. НОО-20-3 тобының студенті Тенелбаева Жансая «Адай» күйін күмбірлете тартып, айналасын керемет нұрға  бөледі.

Нәтижесінде,

Марапаты

Қатысушылар тізімі

Тобы

1

Бас жүлде

Жолдасбай Жайна

П-20-1

2

І орын

Сарсен Мадина

А-20

3

ІІ орын

Ибраева Жансая

ВТиПО-20-1

4

ІІІ орын

Избасар Жамила

П-20-2

5

«Инабатты ару» номинациясы

Кударова Жазира

ДО-20

6

«Өнерлі ару» номинациясы

Тенелбаева Жансая

НОО-20-3

7

«Сымбатты ару» номинациясы

Сарсенбаева Шынарай

НОО-20-1

8

«Көрікті ару» номинациясы

Қонысбай Жания

НОО-20-2

 

КОЛЛЕДЖ АРУЛАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!