04 наурыз 2021 09:28 admin

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай    1 курс қыз балалары  арасында колледжішілік    «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны өткізілді

03.03.2021 ж.Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай  1 курс қыз балалары  арасында колледжішілік    «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынының ережесі жасақталып,  өткізілді. Тоғызқұмалақ ойыны студенттерді   шапшаңдыққа, ептілікке, жүйрік ойға дағдыландыру  мақсатында ұйымдастырылды. Тоғызқұмалақ ойынына   «Бастауыш білім беру», «Сәулет», «Дене тәрбиесі және спорт», «Құқықтану» мамандығының қыз балалары  қатысты. Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Н.Айтжанов  қатысушыларды ойын ережесімен таныстырып өтті.

Тоғызқұмалақ ойыны шыдамдылықты, салқын қандылықты, терең және логикалық ойлауды қажет ететін ақыл-ой спорты. Тоғызқұмалақтың басқа есеп ойындарынан бір ерекшелігі -  өте нәтижелі ойын, тең ойын сирек кездеседі. Бүгінгі ойынның жеңімпаздары:

Жеңімпаздар студенттер

Тобы

1

Дильназ Догдарбаева

А-20 тобы

2

Сандыбекова Ақбаян

НОО-20-3 тобы

3

Абенова Ақнұр

НОО-20-2 тобы

 

Жеңімпаздарды құттықтап, жаңа додаларда биіктерден көріне беріңдер дегіміз келеді.