22 ақпан 2021 10:14 admin

Мұнайлы ауданының №14  жалпы білім беретін мектебінде 9 сынып оқушыларымен кездесу

Кәсіптік бағдар беру бойынша Мұнайлы ауданының №14  жалпы білім беретін мектебінде 9 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды

         19.02.2021ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, басшының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, психологпен    кәсіптік бағдар беру бойынша Мұнайлы ауданының №14  жалпы білім беретін мектебінде  9 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға колледждегі мамандықтар, әлеуметтік серіктес мекемелер, материалдық – техникалық база, зертханалар, шеберханалар, кітапхана, мұражай, факультативтік сабақтар, үйірмелер, спорттық секциялар туралы нақты ақпарат берілді.  Оқушылардың өздерін қызықтыратын мамандықтар туралы, диплом алғаннан кейін қандай бағытта жұмысқа тұра алатындығы туралы сауалдарына  түсінік жұмыстары жүргізіліп, әр мамандық бойынша жіктеліп айтылды. Қандай мамандықты таңдайтындарын шеше алмай жүрген оқушыларға колледж психологы өз қызметін ұсынды. Колледждің әлеуметтік парақшасында орналастырылған  «Мамандықты анықтауда 5 қадам» жаднамасы бойынша баяндап өтті. Білім алушылардың  кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беруде маңызды шаралардың бірі болды. Мұнайлы ауданының №14  жалпы білім беретін мектебінде  9 сыныптан 5 сынып санитарлық талаптарды сақтай отырып, кездесуге қатысты. Кездесуді мектеп ұстаздары өте жоғары деңгейде ұйымдастыра білді.