22 ақпан 2021 10:12 admin

«Превенция және парасаттылық» басқармасының басшысы Бәйгебаев Қайрат Оразбекұлымен онлайн форматта кездесу

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің «Превенция және парасаттылық» басқармасының басшысы Бәйгебаев Қайрат Оразбекұлымен онлайн форматта кездесу өткізілді

18.02.2021ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің «Превенция және парасаттылық» басқармасының басшысы Бәйгебаев Қайрат Оразбекұлымен  «Құқықтану» мамандығының студенттері арасында онлайн форматта кездесу өткізілді. Кездесуде заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, сыбайлас жемқорлықтың көріністері және сыбайлас жемқорлықтың субьектілері бола алатын тұлғаларға сипаттама беріп өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа тағайындалатын санкция түрлерімен толықтай таныстырылды. Студенттердің сауалдарына  жауап беріліп, жастарды парасаттылық пен адалдыққа шақырды. Бұл ZOOM  платформасында  өткізілген  кездесуге 3 оқытушы, 17 студент қамтылды. Саналы ұрпақ тәрбиелеуде арнайы мамандармен  кездесудің студенттерге маңызы өте зор.