19 ақпан 2021 11:57 admin

«Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты әскери-патриоттық сайыс

«Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты әскери-патриоттық сайыс өткізілді

17.02.2021 ж.«Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  студенттерді патриотизмге баулу, әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру мақсатында   «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты әскери-патриоттық сайыс өткізілді.

Сайыстың  турлары  патриоттық тапсырмалардан  құрастырылды:

  1. Қарумен саптық тәсілдер;
  2. Газ тұмылдырықтыуақытқа кию;
  3. Автоматты толық емес бұзып жинау;
  4. Пневматикалық винтовкадан оқ ату;

Сайысқа «Құқықтану», «Дене тәрбиесі және спорт», «Сәулет»  мамандығының студенттері қатысты.

Сайыс барысында  П-20-1,2 тобының студенттері қарумен саптық тәсілдерден алда болса, газ тұмылдырықтыуақытқа киюден А-20 тобы студенттері жоғары көрсеткіш көрсете білді, ФК-20 тобы автоматты толық емес бұзып жинаудан ептілік байқатты. Пневматикалық винтовкадан оқ ату барысында барлық студенттер белсенділік, қырағылық, мергендік көрсете білді.