
«AntiParaCraft-2021» квест ойыны
«AntiParaCraft-2021» квест ойыны студенттер арасында өткізілді
17.02.2021 ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекетерін күшейту, студенттердің бойына адалдық, шыншыл, әділеттілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында студенттер арасында «AntiParaCraft-2021» квест ойыны ұйымдастырылды. Ойын 8 тапсырмадан тұрды. Тапсырмалар парақорлық тақырыбында құрылды:
Тапсырма №1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органы қандай қағидаға сүйеніп іздестіру жұмысын бастады?
Тапсырма №2. Пара алған күдіктінің туған жылы
Тапсырма №3. Стрелка бойынша кілтті тауып, жолда кездескен сөздерден артық сөздерді табу.
Тапсырма №4. Үстелдің үстіне сандық немесе кілті бар сумка қою. Ішін ашқан кезде, ішінен конверт шығады. Ішінде заң туралы аяқталмаған мақал-мәтелдер.
Тапсырма №5.Кітапшадан берілген сыбайлас жемқорлық туралы нақыл сөздерден кесте бойынша сөйлемдерді кім жазғанын табу.
Тапсырма №6. Жерде екі қорап қойылған. Ішінен заңға қатысты сөздер табу.
Тапсырма №8. Жасырынған ребусты шешу.
Нәтижесінде, студенттер белгі бойымен шым-шытырық тапсырмаларды бір-біріне ақыл қоса отырып, тапты.