02 қараша 2016 00:32 admin

Аккредитация

2014 жылы колледж институционалдық аккредитациядан өтті. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу — аккредиттеу органының білім беру қызметтерінің сапасы туралы әділ ақпараттар жеткізу және оның жоғары тиімді механизмдерінің барлығын растау мақсатында, білім беру қызметтерінің белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігін мойындау рәсімі.

Институционалдық аккредитация – белгіленген стандарттар мен критериилерге сәйкестігін мойындау үшін, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының атқаратын қызметтерін жалпы аккредиттеу.

Тәуелсіз аккредиттеу Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2011 жылғы 24 қазандағы № 487-ІV Заңына (13.01.2015 ж. өзгерістермен және толықтырулармен) сәйкес Ұлттық тізілімге енгізілген аккредиттеу органдарымен жүргізіледі. Аккредиттеу рәсімі ТжКБ ұйымының қаражаты есебінен жүргізіледі.

Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің жасаған  Институционалдық аккредиттеу стандарттары мен критериилерінің негізгі мақсаттары:

– білім сапасын қамтамасыздандырудың халықаралық практикасымен  үйлескен аккредиттеу үлгісін енгізу;

– техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін, білім беру ұйымдарының қызметтерін және кәсіптік бағдарламалары мен білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау;

– колледждерде сапа мәдениетін дамыту процесін көтермелеу;

– сыртқы ортаның өзгермелі талаптарына сәйкес, білім беру ұйымдары қызметтерінің сапасын жетілдіруге және әруақыт жақсаруына ықпал ету;

– білім беру қызметтерінің сапасы туралы нақты ақпараттар беру арқылы қоғам мүддесі мен тұтынушылардың құқығын есепке алу және қорғау;

– инновациялар мен ғылыми зерттеулерді пайдалану;

– техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу нәтижелері туралы ақпараттарды жұртшылыққа тарату.

Институционалдық аккредиттеу рәсімдеріне келесі кезеңдер кіреді:

1-ші кезең.

1) білім беру ұйымының институционалдық аккредитация бойынша агенттікке білім беру ұйымы жұмысының қысқаша сипаттамасымен бірге өтініш беруі;

2) агенттік пен білім беру ұйымының аккредитация өткізу туралы келісімшартқа қол қоюы. Келісімшартта екі жақтың құқықтары мен міндеттері, рәсімдеу бағасы, аккредитацияны өткізу мерзімдері көрсетіледі;

3) БСҚА белгілеген стандарттар мен критериилерге сәйкес, білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау процесін өткізуі, өзін-өзі бағалау туралы есеп жасауы;

4) сыртқы аудиттің өтуінен 2 ай бұрын, өзін-өзі бағалау туралы есепті электрондық форматта және 6 көшірмесінің (қазақ, орыс тілдерінде және ағылшын тілдерінде) қағаздық нұсқасын агенттікке жеткізу, агенттік сарапшылары мен үйлестірушілерінің есеппен танысуы;

2-ші кезең.

1) сарапшылар командасының жұмысын регламенттеу, агенттік бекіткен сыртқы бағалау стандарттарына және нұсқаулықтарына сәйкес өтеді.

2) агенттік өзін-өзі бағалау материалдарымен танысатын, сыртқы аудитті өткізетін және агенттік пен білім беру ұйымына мәліметтерді жеткізетін сыртқы бағалау туралы есеп жасайтын сарапшылардың білікті командасын құрайды.

3) команданың құрамы туралы мәлімет білім беру ұйымына бір ай бұрын айтылады. Аудиторлардың әділдігіне колледж шек келтірген жағдайда, білім беру ұйымы аудиторды ауыстыру үшін агенттікке жүгінуге құқылы.

4) білім беру ұйымының сыртқы аудиті 2-4 күннің ішінде өтеді.

5) сыртқы аудиторлар есеп пен ұсыныстарды, аудиттің басталу күнінен бастап 2-3 аптаның ішінде жасайды және агенттікке жібереді.

6) БСҚА білім беру ұйымына зерттеуге аудиторлар командасының қызметтерді бағалау бойынша жасаған есебін жібереді.

7) білім беру ұйымы есепті алғаннан кейін, бір аптаның ішінде есепке пікір жазады және қажет болған жағдайда — аудиторлардың соңғы есебінің жобасына толықтырулар мен өзгертулер енгізеді.

3-ші кезең

1) агенттік, өзін-өзі бағалау материалдары мен сыртқы аудит бойынша есепті оқып шыққаннан кейін,

- Аккредитациялық кеңеске қорытынды дайындайды;

- Аккредитациялық кеңес шешім қабылдайды.

Аккредитациялық кеңес өзін-өзі бағалау бойынша есептің, сыртқы сарапшылар командасының аудиті бойынша жасаған есебінің және агенттік ұсыныстарының негізінде шешім қабылдайды.

Сарапшылар командасының оңды есебі мен агенттіктің жасаған қорытындысы, Аккредитациялық кеңестің оңды шешім қабылдауының міндетті шарты болып табылады.

Аккредитациялық кеңес келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

- аккредиттеу;

- шартты түрде аккредиттеу (ескертулерімен) бір жыл мерзімге (ескертулерді жоюдың қажеттілігімен);

- аккредиттемеу.

Аккредитациялық кеңес аккредиттеу туралы оңды шешім қабылдаған жағдайда, БСҚА білім беру ұйымына бес жылға институционалдық аккредитация туралы куәлік береді.

Білім беру ұйымдарының институционалдық аккредитациясы келесі стандарттар мен критериилердің негізінде өтіледі:

  • 1 Стандарт. Сапаны қамтамасыз ету саласындағы миссия, стратегиялық жоспарлау және саясат;
  • 2. Стандарт. Ақпаратты басқару және менеджмент ;
  • 3. Стандарт. Студенттер, студенттерді орталықтандырып білім беру, оқыту және үлгерімді бағалау;
  • 4. Стандарт. Студенттерді қабылдау, оқыту нәтижелері, тану және біліктіліктер;
  • 5.Стандарт. Білім беру бағдарламалары: оларды әзірлеу, тиімділігі, мерзімдік бағалау және үздіксіз талдау (мониторинг);
  • 6.Стандарт. Педагогикалық құрам және оқыту тиімділігі;
  • 7. Стандарт. Ғылыми-әдістемелік жұмыс, шығармашылық қызмет;
  • 8. Стандарт. Ресурстар және студенттерді қолдау қызметтері;
  • 9. Стандарт. Қоғамды ақпараттандыру

 

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің институционалдық аккредиттеу аясында өткізілген сыртқы бағалау (аудит) бойынша БСҚА сарапшылар тобының ескертулері мен ұсыныстарын жою жөніндегі түзетуші іс – шаралар жоспары