Колледждің жастар ісі комитеті


 Ұйымдастырушы-педагог

 Жолжан Айткалиқызы Көздубаева

 Жастар ісі жөніндегі комитет – оқу орнының  студенттік өзін - өзі басқарумен айналысатын қоғамдық студенттік ұйымы.Студенттік өзін-өзі басқару – колледждің әлеуметтік белсенді студенттік жастарының қоғамдық әрекет ету түрі .

 

 

         

Студенттер парламентінің президенті

Гүлдана Сейдахан

"Бастауыш білім беру" мамандығының студенті

Колледжде білім ғана берілмейтінін есте сақтап, тәртіпке бағынуға студенттерді ұстаздарды сыйлауға баулу менің парызым деп санаймын. Әрбір адамның мектепте өткізген уақыты қайтып келмейтіні сөзсіз, мен колледжіміздің студенттерін барынша қызықты әрі үмытылмастай өткізуге өз үлесімді қоссам деймін.

 

 

Құқық және тәртіп фракциясы

Аида Панаева

"Бастауыш білім беру" мамандығының студенті

Қоғам тәртіпке, заңдылыққа негізделіп, соған арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қағамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, оның келешегі болмайды. Колледжде тәртіп студенттердің мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады.

 

        

АҚПАРАТ ФРАКЦИЯСЫ

Куаныш Кенжебай

"Бағдарламалық қамтамасыз ету"  мамандығының студенті

Ақпараттық фракциясы - колледжде, бөлімшелерде, студенттік топтарда өткізілетін барлық бағдарламаларды, іс-шаралар мен мерекелерді, ақпараттық стенд, студенттік газет, колледж сайтын қолдану арқылы баяндау мен мәлімдеу, мерзімді баспадағы қызықты және пайдалы ақпараттарды колледж студенттеріне жеткізумен айналысады.

 

       

СТАРОСТАТ

Арайлым Изтурганова

"Құқық" мамандығының студенті

Старостат- студенттердің оқу қызметін жүзеге асыру саласындағы жоғары студенттік өзін-өзі басқару органы. Старостат колледждің барлық курстарының топ старостасын біріктіреді және олардың қызмет ету саласында бірыңғай саясатты әзірлейді. Старостат шешімі колледждің барлық студенттерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.

 

                          

 Қамқорлық фракциясы (еріктілік)

Гульназым Абенова

"Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының студенті

Қамқорлық фракциясы - әрқайсың тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады. Жақсылық жасау - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қолының ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершілік белгісі.

                     

                                            

 Спорт және салауатты өмір салты фракциясы

 Маржан Жоламан

 "Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының студенті

Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. 

 

                      

 Дебат қозғалысының фракциясы 

 Нұрсәт Назар

 "Есептеу техникасы және ақпараттық желілер" мамандығының студенті

Дебат - болашағы жарқын, танымал қызмет түрі, белсенді жастардың - қоғамның болашақ көзбасшыларының келешегі

 

 

 

 Мәдениет және өнер фракциясы

 Мунира Нұрымбетова

 "Құқық" мамандығының студенті

 Мәдениет пен өнер - қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетімен өнері өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп дамиды. Бұл салаға айрықша көңіл бөлу - мәдениетпен өнердің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туғызу, оларды дамыту.

 

 

 

 

 

 Жастар ісі жөніндегі комитет туралы және Старостат туралы Ережелер