Тарихы


Білім және мәдениет Министрлігінің 03.09.1997 ж. № 356  бұйрығы негізінде БМ сериялы №0000246 лицензияға сәйкес Гуманитарлы-экономикалық колледжі құрылды. Колледж құрылтайшысы – педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының мүше-корреспонденті, профессор М.Х. Қаламқалиев. «Құқықтану», «Экономика, бухгалтерлік есеп және бақылау», «Кеден ісі» мамандықтары бойынша оқыту жүргізілді. 1997 жылы  колледжге 111 оқушы қабылданды.

1998 жылы Гуманитарлы-экономикалық колледж жанынан «Жасталап»  лицейі ашылды.  

1998 жылы 1 шілдеде «Экономика, бухгалтерлік есеп және бақылау»  мамандығы бойынша алғашқы 14 түлек бітіріп шықты.

1999 жылы 1 қыркүйегінде «Кәсіптік оқыту», «Шетел тілі» мамандықтары ашылды.

1999 жылы Маңғыстау «Болашақ» институты құрылды. Институт жанынан «ЖОО мамандарының тұлғасын қалыптастыру мәселелері» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі А.П.Сейтешовтың басшылығымен, педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Х.Қаламқалиевтің және И.Н.Набиевтің қатысуымен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.

1999 жылы лицей-колледж-ЖОО-аспирантура жүйесімен мамандарды үздіксіз даярлауды жүзеге асыру үшін оқу-ғылыми кешенге құрылымдық бірліктерді біріктіру мақсатында Қазақстандық қазіргі заман «Болашақ» академиясы құрылды. (Тіркеу туралы куәлігі: № 3001-1943-У-е). Академия құрылымы: Маңғыстау «Болашақ» институты, Гуманитарлы-экономикалық колледж, «Жасталап» лицейі. 

2000 жылы Гуманитарлы-экономикалық колледж жаңа стандарт бойынша мемлекеттік аттестациядан өтіп, 0705002 «Құқықтану», 0313002  «Кәсіптік оқыту», 0316002 «Шетел тілі», 0707002 «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит», 0719002 «Кеден ісі» мамандықтары бойынша шектеусіз лицензия алды. Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдады: колледж басшылары мен педагог мамандарының сапалық құрамын, Ақтау қаласы Гуманитарлы-экономикалық колледжінің білім беру қызметі мен көрсетілген мамандықтар бойынша мемлекеттік үлгідегі диплом беруге 5 жыл мерзімге құқысы бар аттестацияланған оқу орны деп есептелсін.

28.03.2001 жылы Гуманитарлы- экономикалық колледжі Қазақстандық қазіргі заман «Болашақ» академиясының колледжі атымен заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу №711-1943-У-е куәлігі бойынша қайтадан тіркелді. атауы өзгертілді

28.03.2001 ж. Гуманитарлы-экономикалық колледж №711-1943-У-Е мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігіне сәйкес Қазақстандық қазіргі заман «Болашақ» академиясының колледжі болып өзгертілді.

07.07.2001 ж.  ҚР Білім және ғылым министрлігінің № 543 бұйрығымен колледжге орта кәсіптік білім беру саласында білім беру қызметіне лицензия берілді. Жаңа мамандықтарға қабылдау жүргізілді: 0714002  «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану», 2002002  «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану», 0319002  «3 жастан 10 жасқа дейінгі балалар білімі», 3902002 «Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы».

23.04.2004 ж. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің № 354 бұйрығымен орта кәсіптік білім беру саласында білім беруге 2802002 «Көтеру-транспорттық, құрылыстық, жол машиналары мен жабдықтарды пайдалану, техникалық күту және жөндеу», 3037002 «Жағада жүзу және ішкі су жолдарында кеме жүргізу», 3038002 «Ішкі су жолдарын пайдалану» мамандықтары бойынша лицензия алынды.

2004 жылы колледждің жаңа спорт кешені мен акт залы пайдалануға тапсырылды.

2005 жылы колледж директоры Шаккузова Г.Ж. - экономика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Президенті жанындағы жанұя және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиясы ұйымдастырған «Әйел басқаратын үздік кәсіпорын» атты республикалық байқауының «Білім» номинациясы бойынша жеңімпазы дипломымен марапатталды.

23.04.2008 жылы 4303002 – «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша лицензия алынды.

29.04.2009 жылы 0807000 – «Мұнай  және газ өнімдерін техникалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету» және 1304000 – «Электрондық  есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандықтарына лицензия алынды.

Маңғыстау облысының Білім Басқармасының  17.06.2011 жылғы № 538 бұйрығы негізінде, колледж келесі мамандықтар даярлау құқығына лицензия алды: 0801000 «Мұнай және газ скважиналары және бұрғылау жұмысының технологиясы» (бейін бойынша), 1103000 «Кеме жасау және кеме машиналарының механизміне техникалық қызмет көрсету», 1104000 «Теңіз техникасының электрорадио монтажшысы», 1114000 «Пісіру ісі» (түрлері бойынша), 1410000 «Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу және пайдалану», 1514000 «Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану».

Колледж Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің 13.05.2013 жылғы № 150 бұйрығы негізінде төмендегі мамандықтар бойынша лицензия алды: 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 0103000 «Дене шынықтыру және спорт», 0416000 «Сәулет»,  1203000 «Теміржол көлігінде тасымал ұйымдастыру және қозғалысты басқару».

Жалпы мемлекеттік Ұлттық республикалық бизнес-рейтинг қорытындысымен  колледж «Сала көшбасшысы-2013», «Білім көшбасшысы-2013» орденімен марапатталды.

2014 жылдың мамыр айында Маңғыстау облысында алғашқылардың бірі болып колледж институционалдық аккредитациядан  жемісті өтті. «Еңбек нарығында  Республика,  оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша экономиканың дамуына өз үлесін  қосатын азаматтық және адамгершілігі мол, сапалы, инновациялық  жаңаша ойлайтын, өз мамандығына тәжірибелік бағытталған қабілетті тұлғаны дайындау» миссиясын негізге ала отырып, Тәуелсіз Қазақстан агенттігінің сарапшылар тобы оқытушылар құрамының жұмысын, білім сапасын, түлектердің қабілетін, сондай-ақ пайдаланылатын оқу-материалдық және техникалық базаны, жаңа инновацияларды, қазіргі заманғы технологияларды, оқу әдістемесін жоғары бағалады.

16.06.2014 жылы колледж IA №007 институционалдық аккредитациялау куәлігіне ие болды.

08.01.2015 жылы Қазақстандық қазіргі заман «Болашақ» академиясының колледжі ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі» болып қайта құрылды.

11.05.2016 жылы Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінен №126 бұйрығымен 0518000 «Есеп және аудит» (Есепші), 1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» (Кең бейінді құрылыс шебері) жұмысшы мамандықтарына лицензия алынды.

2016 жылдың желтоқсан айында колледж 4 мамандық бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті: 0201000 «Құқықтану», 0105000 «Бастауыш білім беру», 1103000 «Кеме жасау және кеме машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету», 1104000 «Теңіз техникасының электрорадиомонтажшысы».

2017 жылы Елбасының «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасын іске асыруда 1204000 «Cу көлігін пайдалану» (бейін бойынша), біліктілігі – «Матрос», 1103000 «Кеме жасау және кеме машиналарының механизміне техникалық қызмет көрсету», біліктілігі – «Кеме жөндеуші-дәнекерлеуші», 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», біліктіліктері – «Электрондық есептеу машиналарының операторы», «Байланыс құрастырушысы-кабельші» жұмысшы мамандықтары бойынша лицензиялар алынды.

05.04.2019 жылы Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің №71 бұйрығымен келесі жұмысшы мамандықтар лицензияларына қосымшалар алынды: 1204000 «Cу көлігін пайдалану» (бейін бойынша), біліктілігі–«Рөлші», 1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану», біліктіліктері-«Сылақшы», «Сырлаушы».

2019 жылдың 29-30 сәуірінде институционалдық қайта аккредиттеу рәсімі аясында Білім беру сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттік сарапшылар тобы келді. Сараптау нәтижесінде Каспий өңірі «Болашақ»  колледжі ТжКББ ұйымдарының  институционалдық аккредиттеу стандартының өлшемдеріне сәйкес деп танылды және білім беру ұйымына аккредиттелген мәртебесі берілді. Тіркеу нөмірі VET-IA-00023 бойынша бес жыл мерзімге куәлік берілді.