Мамандандырылған аккредиттеу
БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГI (БСҚА)
Мамандандырылған аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау
Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі еуропалық және халықаралық стандарттарға сәйкес агенттікпен әзірленген. Аккредиттеу рәсімі келесі кезеңдерді қамтиды:
1- кезең
-
білім беру ұйымының агенттікке ТжКБ қызметінің қысқаша сипаттамасымен аккредиттеу тапсырысын беруі;
-
агенттік пен білім беру ұйымы арасындағы аккредиттеу жүргізу туралы шартқа қол қою. Шартта тараптардың құқығы мен міндеттері, рәсімнің құны, аккредиттеуді жүргізу мерзімдері көрсетіледі;
-
ТжКБ-мен өзін-өзі бағалау процесі, БСҚА белгілеген стандарттар мен нұсқаулықтарға сәйкес өзін-өзі бағалау туралы есепті әзірлеу жүргізіледі;
-
өзін-өзі бағалау есебінің алғашқы нұсқасын ұсыну және оны сараптау;
-
сыртқы аудит басталғанға дейін кем дегенде 2 ай бұрын агенттікке өзін-өзі бағалау есебінің қорытынды нұсқасын ұсыну.
2- кезең
- сарапшылар тобының жұмыс бағдарламасы агенттік бекіткен сыртқы бағалау бойынша стандарттар мен нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі;
-
агенттік Қазақстанның ТжКБ ұйымдарының, жұмыс берушілердің өкілдері, студент құрамына енетін құзыретті сарапшылар (аудиторлар) тобын қалыптастырады;
-
топтың құрамы тапсырыс беруші ТжКБ ұйымына сыртқы аудитке дейін 1-2 ай бұрын хабарланады. ТжКБ ұйымы тарапынан аудиторлардың біріне теріс түсінік күдігі туындаған жағдайда, ТжКБ ұйымы жазбаша түсініктеме берілген хатты тіркей отырып, сарапшыны (аудиторды) ауыстыру үшін агенттікке өтініш беруге құқылы;
-
сарапшылар тобы өзін-өзі бағалау материалдарымен танысады, ТжКБ ұйымына барып, сыртқы аудит жүргізеді, соның негізінде сыртқы бағалау туралы есепті дайындап, агенттікке тапсырады;
-
ТжКБ ұйымында сыртқы аудитті жүзеге асыру 2-3 күн бойы жүргізіледі;
-
сыртқы сапар бойынша есеп пен ұсынымдарды сыртқы аудиторлар аудит басталған кезеңнен бастап 2 аптадан асырмай дайындайды, комиссия төрағасы немесе хатшысы оны агенттікке жолдайды;
-
БСҚА ТжКБ ұйымының қызметін бағалау бойынша сарапшылар (аудиторлар) тобынан алынған есепті, егер бар болған жағдайда білім беру ұйымына шағын дәлсіздіктерді жою үшін жолдайды;
-
ТжКБ ұйымы, қажет болған жағдайда сыртқы аудиттің қорытынды есебіне, егер дәлсіздіктер болса, аздаған түзетулер енгізуге құқылы.
3-кезең
- Агенттік өзін-өзі бағалау материалдарымен және сыртқы аудит есебімен танысқаннан кейін Аккредиттеу кеңесіне қорытынды дайындайды;
-
Аккредиттеу кеңесінің шешім қабылдауы.