SANALY URPAQ
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің 2025-2026 оқу жылына арналған «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің
кешенді жұмыс жоспары
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің кешенді жұмыс жоспары сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың негізгі бағыттарын, колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған бағдарламалық іс-шаралар жүйесі мен тізбесін айқындайды.
Жетекші мақсаттар:
- колледжде сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, жол бермеу;
- азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлыққа байланысты жағымсыз процестер мен құбылыстардан қорғауды қамтамасыз ету, колледж әкімшілігі мен педагогикалық ұжымының қызметіне азаматтардың сенімін нығайту.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу талап етіледі:
- сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтардың алдын алу;
- лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін оңтайландыру және нақтылау;
- білім беру процесіне қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылықтың бұлтартпастығын қамтамасыз ету;
- басқару тиімділігін, колледж ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;
- колледж қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуге азаматтардың құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу.



