Оқу-өндірістік жұмыс


ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТЕР

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығы» қағидалары туралы,«Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік тәжірибеден өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 11.09.2013 жылғы №369 бұйрық «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен соңғы мекеменің типтік ережесін бекіту туралы» заңдарына «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы  №1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, ҚРМЖМС 5.03.005-2009  «Кәсіби тәжірибе. Негізгі ережелер» заңдарын басшылық ала отырып  облысымыздың  барлық мамандықтар бойынша 60 мекемесімен әлеуметтік серіктестік туралы келісім шарт жасақталған.

 

 

 

 

 

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017  жылғы 16  тамыздағы  №611 бұйрығы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы №97 бұйрығына «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» талаптарын негізге ала отырып, колледждің оқу тәжірибелік жұмысын нәтижелі жоғарлату және материалдық  техникалық базаны нығайту қағидаларына сүйене отырып жабдықталған. Колледждің жалпы көлемі – 7145,1  шаршы метрді құрайды. Колледжде барлығы  49 дәрісхана, оның ішінде 11 зертхана және 6 шеберхана бар. 13 компьютерлік сынып, спорт зал, ашық спорт алаңы, медициналық тұрақ, 150 орынды акт залы, 52 орынды асхана, 80 орынды оқу залы, 2 конференц залы және мұражай бар.

 

ТҮЛЕКТЕР

Колледжіміздің түлектерін жұмысқа орналасуына ықпал ететін «Мансап» орталығы бар. Мансап орталығы оқу жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес өз жұмысын атқарады. Мансап орталығы түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша төмендегідей іс-шаралар жүргізіледі:

-қалалық, аудандық білім бөлімдерімен тығыз байланыс, сол елді-мекен-жайы бойынша тұратын түлектер туралы ақпарат беру, бос жұмыс орындары туралы сұраныс жасау;

-«Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесіне қатысу;

-«Түлектер» ақпараттық базасын толықтыру;

-түлектердің жұмысқа орналасуының мониторингі.

 

2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫ БІТІРГЕН ТҮЛЕКТЕРДІҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ

 

ТҮЛЕКТЕРГЕ КӨМЕК РЕТІНДЕ

 

Бос жұмыс орындары туралы ақпараттық сайттар тізімі

http://kyzmet.gov.kz
https://www.enbek.kz/kk
https://rabota.nur.kz/kk
https://hh.kz
http://zarplata.kz/

Хабарландыру