Институционалдық аккредиттеу


 

 

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ САРАПТАУ ЖӨНІНДЕГІ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІК

 

Институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымы сапасының мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгілеген стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі

Институционалдық аккредиттеу рәсімі еуропалық және халықаралық стандарттарға сәйкес агенттікпен әзірленген. Аккредиттеу рәсімі келесі кезеңдерді қамтиды:

1- кезең

  • білім беру ұйымының агенттікке ТжКБ қызметінің қысқаша сипаттамасымен аккредиттеу тапсырысын беруі;

  • агенттік пен білім беру ұйымы арасындағы аккредиттеу жүргізу туралы шартқа қол қою. Шартта тараптардың құқығы мен міндеттері, рәсімнің құны, аккредиттеуді жүргізу мерзімдері көрсетіледі;

  • ТжКБ-мен өзін-өзі бағалау процесі, БСҚА белгілеген стандарттар мен нұсқаулықтарға сәйкес өзін-өзі бағалау туралы есепті әзірлеу жүргізіледі;

  • өзін-өзі бағалау есебінің алғашқы нұсқасын ұсыну және оны сараптау;

  • сыртқы аудит басталғанға дейін кем дегенде 2 ай бұрын агенттікке өзін-өзі бағалау есебінің қорытынды нұсқасын ұсыну.

2- кезең

  • сарапшылар тобының жұмыс бағдарламасы агенттік бекіткен сыртқы бағалау бойынша стандарттар мен нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі;

  • агенттік Қазақстанның ТжКБ ұйымдарының, жұмыс берушілердің өкілдері, студент құрамына енетін құзыретті сарапшылар (аудиторлар) тобын қалыптастырады;

  • топтың құрамы тапсырыс беруші ТжКБ ұйымына сыртқы аудитке дейін 1-2 ай бұрын хабарланады. ТжКБ ұйымы тарапынан аудиторлардың біріне теріс түсінік күдігі туындаған жағдайда, ТжКБ ұйымы жазбаша түсініктеме берілген хатты тіркей отырып, сарапшыны (аудиторды) ауыстыру үшін агенттікке өтініш беруге құқылы;

  • сарапшылар тобы өзін-өзі бағалау материалдарымен танысады, ТжКБ ұйымына барып, сыртқы аудит жүргізеді, соның негізінде сыртқы бағалау туралы есепті дайындап, агенттікке тапсырады;

  • ТжКБ ұйымында сыртқы аудитті жүзеге асыру 2-3 күн бойы жүргізіледі;

  • сыртқы сапар бойынша есеп пен ұсынымдарды сыртқы аудиторлар аудит басталған кезеңнен бастап 2 аптадан асырмай дайындайды, комиссия төрағасы немесе хатшысы оны агенттікке жолдайды;

  • БСҚА ТжКБ ұйымының қызметін бағалау бойынша сарапшылар (аудиторлар) тобынан алынған есепті, егер бар болған жағдайда білім беру ұйымына шағын дәлсіздіктерді жою үшін жолдайды;

  • ТжКБ ұйымы, қажет болған жағдайда сыртқы аудиттің қорытынды есебіне, егер дәлсіздіктер болса, аздаған түзетулер енгізуге құқылы.

3-кезең

  • Агенттік өзін-өзі бағалау материалдарымен және сыртқы аудит есебімен танысқаннан кейін Аккредиттеу кеңесіне қорытынды дайындайды;

  • Аккредиттеу кеңесінің шешім қабылдауы.

Аккредиттеуден кейінгі мониторинг бойынша іс-шаралар жоспары

Хабарландыру